Шавкат Рахмонов балалық шағында қандай қиындық көргенін айтты

Шавкат Рахмонов балалық шағында қандай қиындық көргенін айтты

Шавкат Рахмонов балалық шағында қандай қиындық көргенін айтты
ашық дереккөзі
50371
Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов балалық шағындағы қиындық туралы ашық айтты деп хабарлады turkystan.kz. 28 жастағы спортшы отбасы туралы әңгіме қозғап, оны көпшілікке көрсеткісі келмейтінін айтты. Спортшының айтуынша, анасы балаларын тәрбиелеп, ананың да, әкенің де орнын басқан. "Әкеміз жұмыс істеген жоқ. Білмеймін енді, оны әкемнің өзінен сұрау керек. Анамның өзі бізді асырады, тамақ та берді. Әрине, анамның анасының, әкесінің бізге көп көмегі тиді. Осы кісілер болмағанда мен қандай күйде өсетінімді білмеймін. Сондықтан сол жаққа қатты жүрегім тартып тұрады, шынын айтсам. Өте қатты құрметтеймін", - деді спортшы Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында. Спортшының отбасы Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударғанда анасы базарда жұмыс істеген. Ол төрт баласымен Қарағандыда бір бөлмелі қуықтай бөлмеде тұрған. "Анам көп қиындық көрді. Онымен бірге біз де қиындықты көп көрдік. Осындай деңгейге жеткенім еңбектің арқасында келді. Шындықты айтайын, Қарағандыда тұрған жеріміз кіп-кішкентай болды. 1 бөлмелі пәтердің асүйінде тұрдық. 4 бала, анам, барлығы бес адам тұрдық. Тығылысып тұрушы едік. Өте қиын болды. Енді адамдар жақсы жағын көріп жатыр ғой, қиналғанымызды тек өзіміз білеміз ғой", - деді Шавкат Рахмонов.    

Серіктес жаңалықтары