Саудаланатын отандық көліктер саны артпақ

Саудаланатын отандық көліктер саны артпақ

Саудаланатын отандық көліктер саны артпақ
ашық дереккөзі
419

Еліміздің авторанық саласының  дамуына сенім білдірген мамандар биыл саудаланатын отандық көліктер  санын 55 мыңға жеткіземіз деп жоспарлауда, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.  

Былтырғы жылы жаңа көлікке деген жұртшылықтың сұранысы екі есе төмендепті. Сөйтіп көлік саудасын қыздырып, мол пайдаға кенелеміз деген отандық автодиллерлердің үміті ақталмады. Өткен жылы  Қазақстанда шығарылған 47 мың темір тұлпар сатылымға шығарылған. Енді  Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілдері өткен жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы атқарылатын шараларын тізбектеп, бағыт-бағдарын айқындады.

Деректерге сүйенсек, 2016 жылы елімізде Қиыр Шығыс пен Батыс Еуропа елдерінде шығарылған көлікке деген сұраныс жоғары болған екен. Ал көршілес Ресейден келетін көлікті сатып алу көрсеткіші 67 пайызға төмендепті. Ал мамандар биылғы жылы елімізде құрастырылған көлікке  сұраныс артады деп сеніп отыр.

Телеарнаның хабарлауынша, 2010 жылдан бері экономиканың күре жолында жылдамдығын үдетіп, жүйткіген автонарық саласы өткен жылы сәл бәсеңсіп қалды. Мұның себебі тұтынушының төлем қабілеті төмендегендіктен, сұраныс та азайғандығымен байланыстыруға болады. Бұл туралы Қазақстан  автобизнесі қауымдастығының өкілдері де мәлімдеді. Десек те, бір жетістік бар. Сырттан  әкелінген автокөліктер саудасы бәсеңдегенімен, отандық өнімге деген сұраныс ұлғайып келеді.

Қазақстандық автоөндіруші  компанияның атқарушы директоры Антон Афонин: «2015 жылдың ортасына дейін нарықтағы отандық көлік үлесі 10 пайыздан сәл асқан еді. Бірақ былтыр әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан елімізде құрастырылған көлік саны екі есе ұлғайып, жыл  қорытындысы бойынша 20 пайызды құрады», – дейді.

Сонымен бірге жаңа көліктер «Еуро-5» міндетті экологиялық талапқа сай болуы міндетті. Еуроодақ елдерінде «Еуро-5» талабы 2008 жылдан бері  міндеттелген. Ал Қазақстанда ол 2011 жылдан бері  бірте-бірте енгізіліп  келеді. Қазақстан автобизнесі қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев: «Елімізде отандық автокөлікке деген сұраныстың арту үрдісі байқалады. Бұл жақсы жаңалық. Өйткені несиелеу бағдарламасы отандық  автөндірістің дамуына мүмкіндік беруде», – деп отыр.

Серіктес жаңалықтары