Бердібек Сапарбаев: "Біз халық игілігі үшін жұмыс жасауымыз керек"

Бердібек Сапарбаев: "Біз халық игілігі үшін жұмыс жасауымыз керек"

Бердібек Сапарбаев: "Біз халық игілігі үшін жұмыс жасауымыз керек"
ашық дереккөзі
325

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала қорытындысын шығарды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2016 жылы Ақтөбе облысы алға бағытталған даму қарқынын одан әрі жалғастырды. Ел басшылығының, ҚР Үкіметінің қолдауымен, жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының  негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің төмендеуін болдырмау бойынша берілген тапсырмасын жүзеге асырды.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, өнеркәсіп өндірісі көлемі, негізгі капиталға инвестициялар тарту, белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, ауылшаруашылығының жалпы өнімі, облыстағы мемлекеттік кіріс бюджетінің т.б. жылдық жоспары 100%-дан астам жүзеге асырылған. Сондай-ақ,  құрылыс жұмыстары және бөлшек тауар айналымы көлемдері де жыл қорытындысы бойынша толық орындалады деп күтілуде.

Жекелеген аудандардың кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш жоспарын жүз пайыз орындамағанына қарамастан, облыста оң нәтижелерге қол жеткізілді. Белгіленген болжамдық көрсеткіштердің игерілмеу себептері қаңтар айының  екінші онкүндігіне өтетін кеңейтілген отырыста егжей-тегжейлі талқыланатын болады.

Кеңес барысында сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігі 99,5%-ға орындалғаны айтылды. Бердібек Сапарбаев бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын басқарма басшыларына қаржыны игермегені үшін олардың жеке жауапкершіліктері қаралатынын еске салды. Әсіресе 320 миллион теңгеге жуық қаржыны игермеген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмысы қатаң сынға алынды.

«Спорт мектептерін жарақтандыру, спорт инфрақұрылымын жақсарту үшін тиісті министрліктер, ведомстволармен қаржы бөлу жөнінде жыл бойы жұмыс жүргізілді. Ал нәтижесі осы! Бұл жауапкершіліктің жоқтығын көрсетеді. Әсіресе әлеуметтік-мәдени сала нысандарына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың игерілмегені қынжылтады. Біздің мектептердің, бала бақшалардың, жолдардың жай-күйін жақсы білемін. Мемлекет бізге жағдайды дұрыстау үшін, жақсарту үшін қаржы бөледі, ал біз оны игере алмаймыз. Жауапкершіліктен қашамын деп ойламаңыздар, олай болмайды», – деді өңір басшысы мемлекеттік бағдарлама әкімшілерінің басшыларына.

 Жиынды қорытындылаған облыс әкімі бірқатар тапсырмалар белгіледі.  «Біз жылды қалай бастасақ, солай қорытындылаймыз. Өткен жылы атқарылған қарқынды жұмыс 2017 жылы да жалғасатын болады. Осы жылғы бюджет былтырғымен салыстырғанда 15%-ға артты. Бөлінген қаражатты уақытында игеру үшін конкурстық процедураны дер кезінде өткізу маңызды. Біз халық игілігі үшін бірлесе отырып бұдан да артық жұмыс жасауымыз керек. Бүгінгі күні біз өткен жылы қандай кемшіліктерге жол бергенімізді саралап, қандай мәселелерге ерекше назар аударуымыз қажеттігіне көңіл бөліп, жұмыстың бірыңғай бағыттарын айқындауымыз қажет. Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын орындау мақсатында кемшіліктерімізді жойып, өңірді одан әрі дамыту үшін барлық резервтерді пайдалану», – деп жиынды қорытындылады Ақтөбе облысының әкімі.

Серіктес жаңалықтары