Сегізінші қабаттан құлаған 2 жасар бүлдіршін көз жұмды

Сегізінші қабаттан құлаған 2 жасар бүлдіршін көз жұмды

Сегізінші қабаттан құлаған 2 жасар бүлдіршін көз жұмды
ашық дереккөзі
50320
Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды. Екі жасар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап кеткен 2020 жылы дүниеге келген сәбидің жүрегі бүгін сағат 21.00-де тоқтады. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда дәрігерлер сегізінші қабаттан құлап, ауыр жарақатпен түскен 2 жасар сәбидің өмірі үшін күресіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. .

Серіктес жаңалықтары