Дәрігерлер сегізінші қабаттан құлаған екі жасар сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр

Дәрігерлер сегізінші қабаттан құлаған екі жасар сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр

Дәрігерлер сегізінші қабаттан құлаған екі жасар сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр
ашық дереккөзі
Павлодарда дәрігерлер сегізінші қабаттан құлаған баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Екі жасар сәби ауыр жарақат алған деп хабарлады turkystan.kz  Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  Павлодар облыстық балалар ауруханасы директорының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары Ирина Орсагоштың айтуынша, 6 қыркүйек күні сағат 11:27-де өңірлік балалар ауруханасына жедел жәрдем машинасымен сегізінші қабаттан құлап, зардап шеккен бала жеткізілді.
«Бала  өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне  түсті. Дереу шокқа қарсы реанимациялық іс-шаралар басталды. Алған жарақаттары өте ауыр. Бас сүйегі зақымданып, баланың қан тамырлары мен өкпесі жыртылған», - деді Ирина Орсагош.
Дәрігерлер оның ішкі қан кетуін тоқтатқан. Бала қазір өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатыр. Естеріңізге сала кетейік,  қайғылы оқиға М.Жүсіп көшесі, 270-үйде болған. Екі жасар сәби көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан құлады деген қоңырау 6 қыркүйек сағат 11:17-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті. Оған жедел медициналық көмек көрсетілген. Жағдайын ауыр деп бағалаған дәрігерлер сәбиді бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізді.