50816
«Прокурордың әйелімін»: видеодағы адамның кім екені анықталды
«Прокурордың әйелімін»: видеодағы адамның кім екені анықталды

Шымкент қаласының полицейлері әлеуметтік желіде видеосы тараған «прокурордың әйелі» кім екенін анықтады деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге қоқан-лоққы жасады» деген ақпарат тарады. Осы ақпарат бойынша 19 шілдеде Шымкент Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына «Күзет» қызметкерінен 15 шілде күні сағат 14.00-де ЖШС ғимаратында күзетшілерге тіл тигізген белгісіз қызды жауапкершілікке тарту туралы арыз түскен.
«Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады. Ол – 1984 жылы туған жергілікті тұрғын, бұрын Д.-ға тұрмысқа шыққан, ал ол прокуратура қызметкері емес. Қазір әйел ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды», - деп түсіндірді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.Полицейлер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды. Тағы оқи отырыңыз: «Прокурордың әйелімін»: желіде шулы видео тарады