«Прокурордың әйелімін»: желіде шулы видео тарады

«Прокурордың әйелімін»: желіде шулы видео тарады

«Прокурордың әйелімін»: желіде шулы видео тарады
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде тараған видеода Қызылорда облысы прокурорының әйелі дөрекілік жасады деп айтылған. Осыған орай, облыстық прокуратура әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға ресми жауап берді деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Қызылорда облыстық прокуратурасы аталған бейнежазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. «Әлеуметтік желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік жасады» деген сипатта бейнежазба тарап жатыр. Бұл - шындыққа жанаспайтын ақпарат. Облыс прокурорының әйелінің аты-жөні - Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты - орыс. Таралған видеодағы басқа әйел. Жала жауып, жалған ақпарат таратушыларға заңмен көзделген тәртіпте жауапкершілік қаралатынын назарға саламыз», - деп жазылған Қызылорда облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.