Түрікменстанның экс-президенті 57-кітабын шығарды

Түрікменстанның экс-президенті 57-кітабын шығарды

Түрікменстанның экс-президенті 57-кітабын шығарды
ашық дереккөзі

Түрікменстан Президенті Сердар Бердымұхамедов әкесінің 57-кітабын Үкімет мүшелеріне таныстырды деп хабарлады turkystan.kz hronikatm.com порталына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Министрлер кабинетінің отырысында әкесі, бұрынғы президент Гурбангулы Бердымухамедовтің «Ömrümiň manysy» («Өмірімнің мәнісі») деп аталатын кезекті кітабының жарыққа шыққанын айтты. Бұл кітапты экс-президент еңбек демалысы кезінде жазып шыққан.

«Экс-президент және Халк маслахатының (парламенттің жоғарғы палатасы) райысы Гурбангулы Бердымухамедов 25 наурызда ұлы Сердар Президент болып сайланғаннан кейін еңбек демалысына кеткен еді. Үлкен Бердымұхамедов демалыс кезінде жаңа кітабын жазып бітіруді мақсат еткен. Бірақ, ол өзінің қанша уақыт демалатынын айтқан жоқ. Министрлер кабинетінің отырысына да келген жоқ. Кіші Бердымухамедов кітапта өмірдің белгілі бір белестерінен естеліктер берілетінін айта келіп, авторға жаңа шығармашылық табыстар тіледі», - делінген порталда.
Тағы оқи отырыңыз: Түркіменстанда Сердар Бердімұхамедовті мадақтау басталды