Сыйақыдан қағылған жамбылдық дәрігерлер шу шығарды

Сыйақыдан қағылған жамбылдық дәрігерлер шу шығарды

Сыйақыдан қағылған жамбылдық дәрігерлер шу шығарды
ашық дереккөзі
266
Жамбылдық дәрігерлер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай берілуі тиіс сыйақыдан қағылған. Сарысу аудандық орталық ауруханасының қызметкері бас дәрігердің үстінен шағымданды, деп хабарлайды nur.kz. Аудандық аурухана жанындағы «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Жанар Жүнісованың айтуынша, бюджеттік сала қызметкерлері ретінде олардың сыйақы алуға құқығы бар. «Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бюджеттік сала қызметкерлеріне үнемделген қаражат есебінен бір айлық жалақы мөлшерінде сыйақы тағайындау туралы тапсырмасы бар. Ал біздің бас дәрігер аурухана қорында үнемделген қаражат жоқ деп сыйақы бермей отыр», - дейді Жанар Жүнісова. Ол бас дәрігердің жергілікті әкімшілікке барғанын айтады. «Біздің бас дәрігер жергілікті әкімшілікке барған. Ондағылар бюджетте бұл мәселенің қарастырылмағанын айтқан. Бас дәрігер аурухананың шаруашылық құқығын жүргізу негізіндегі коммуналдық кәсіпорын екенін алға тартып отыр», - дейді күйінген дәрігер. Жанардың әріптестері көршілес жатқан Мойынқұм ауданындағы орталық аурухана қызметкерлерінің сыйақы алып жатқанын естіген. Жастар денсаулық сақтау орталығы меңгерушісінің айтуынша, аудандағы мектептердің мұғалімдеріне де сыйақы беріліп жатыр. «Қашан да бюджеттік сала қызметкерлері ретінде мұғалімдер мен дәрігерлер қатар жүреді ғой. Олардың жалақысын өсірсе, біздікін де көтереді. Осы жолы бізді алалап отыр», - дейді аурухана қызметкері.

Серіктес жаңалықтары