50501
Ресейде балабақшада жантүршігерлік оқиға болды (ВИДЕО)
Ресейде балабақшада жантүршігерлік оқиға болды (ВИДЕО)
Ресей Федерациясының Ульяновск облысында белгісіз ер адам балабақшада оқ атып, кейін өзіне-өзі қол жұмсады деп жазды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға Ресейдің Вешкайма ауылындағы Рябинка балабақшасында болды. Ер адам балалар ұйықтап жатқан кезде «Иж-27» мылтығымен кіріп келген. Ол тәрбиешіге, 2016 және 2018 жылы туған екі балаға оқ атып, артынша өзіне қол жұмсаған. Атыстан кейін тағы бір әйелдің ауруханаға жеткізілгені хабарланды.
Қылмыскер 26 жастағы Руслан Ахтямов болып шықты. Оны анасы киіміне қарап таныған.
Тергеушілердің айтуы бойынша, мылтық 68 жастағы Александр Дорониннің атына тіркелген. Алайда, ол әлі табылмады. Қылмыскер оны да өлтірген болуы мүмкін деген болжам бар.