50600
Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Алматыда бес адамды өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкімі шықты деп жазды turkystan.kz.
Сот 54 жастағы Дужновты екі полиция қызметкері мен сот орындаушысын, сондай-ақ үйінің жаңа қожайыны мен куәгерді өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
«Дужновқа қауіпсіз мекемеде өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімінің басталуы үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі», – деп үкім шығарды судья Еркін Майшинов.Еске сала кетсек, 2021 жылы 20 қыркүйекте Алматының Ақбұлақ шағынауданында Игорь Дужнов жалғыз баспанасын күштеп тартып алмақ болған сот орындаушыларға оқ жаудырған болатын. Атыс салдарынан 5 адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, 2 полицей және 2 бейбіт тұрғын бар.