50729
Шымкентте алаяқтық жасады деген күдікпен полицияның бұрынғы басшысы ұсталды
Шымкентте алаяқтық жасады деген күдікпен полицияның бұрынғы басшысы ұсталды
Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы сотқа дейінгі тергеуге байланысты ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деп жазды turkystan.kz.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтық жасау фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Биылғы жылдың 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», – делінген департамент таратқан хабарламада.Еске сала кетсек, бұған дейін М. Бұхарбаевтың қарамағындағы полиция қызметкері әлеуметтік желіде оның ақша жинауға мәжбүрлейтінін айтып, биліктен көмек сұраған жазба таратқан еді.