AMANAT партиясы қасиетті айда 30 отбасына көмек көрсетті

 AMANAT партиясы қасиетті айда 30 отбасына көмек көрсетті

 AMANAT партиясы қасиетті айда 30 отбасына көмек көрсетті
ашық дереккөзі
50430
Рамазан айының құрметіне AMANAT партиясы Павлодар облыстық филиалы мен облыстық мәслихаттың депутаттары аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, қаржылай көмек пен азық-түлік себеттерін үлестірді деп жазды turkystan.kz. Партияластар қасиетті Рамазан айында 30 отбасына қайырымдылық көмегін көрсетті. Көмекке мұқтаж жандардың бірі - жалғыз тұратын 71 жастағы Нұрбибі Шәукебаева. Павлодар трактор зауытының шойын құю цехында 30 жылдай қызмет еткен зейнеткер, әйел затына тән емес ауыр жұмыс істеп, денсаулығынан айырылған.
«Қазір өмір сүру өте қиын. Бірақ елімізде AMANAT сияқты партия бар екеніне алғысымды білдіремін. Бұл – патриоттық партия. Әсіресе, партия әлсіз қарттарға көп көмектеседі. Мен біздің елімізге және AMANAT партиясына жаңа табыстар, шабыт тілегім келеді. Халық сіздердің арттарыңыздан, бір кездері біз комсомолға барғанымыздай, ерсін деп тілеймін», – деп ықыласын білдірді Нұрбибі Шәукебаева.
 width= Сондай-ақ аманаттықтар мүгедіктігінен жағдайы нашарлап кеткен Наталья Александроваға барды. Оның денсаулығы мүшкіл болғанына қарамастан, қиындықтармен күресуге, өмір сүруге деген талпынысы көңілді қуантады.
«Үйім жалға алынған. Анам қайтыс болды. Мен екі жыл бойы мемлекеттік баспаналарда тұрдым. Енді бір жарым жыл бойы бөлме жалдап тұрып жатырмын. Үшінші топтағы мүгедек болған соң, мені мүгедектер үйіне орналастырмайды. Маған тағы да үш ота жасату қажет. Депутаттарға алғысым шексіз. Кеше маған балдақ алып берді. Бүгін азықпен қамтамасыз етті», – деді Наталья Александрова.
 width= Көмек алған отбасылар аманаттықтарға ізгі тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты.
«Шынында да бұл адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болды. Олар – біздің партияның Павлодар облысындағы қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіргендер. Біздің аудандық филиалдарымыз да осындай бастаманы қолға алды. Біздің міндетіміз – адамдарға, азаматтарымызға көмектесу. Бұл - бізге артылған жауапкершілік және қасиетті Рамазан айында партия белсенділік танытуы тиіс деп санаймын», – деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко.
Бұл іс-шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері, партияның облыстық филиалының қызметкерлері мен бастауыш партия ұйымдары етене араласып, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін таратуды қолға алды.

Серіктес жаңалықтары