Қазақстандықтар ЭЦҚ-ны телефон камерасы арқылы ала алады

Қазақстандықтар ЭЦҚ-ны телефон камерасы арқылы ала алады

Қазақстандықтар ЭЦҚ-ны телефон камерасы арқылы ала алады
ашық дереккөзі
50436
23 сәуірден бастап eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны телефон камерасының көмегімен алу мүмкін болды деп жазды turkystan.kz. Бұдан былай кез келген адам ЭЦҚ-ны қашықтан ала алады.
«Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейнетексеру сервисі – Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндік береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді», – делінген хабарламада.
«ҰАТ» басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, бір жыл ішінде қазақстандықтар ЭЦҚ алу қызметін шамамен 4,8 миллион рет пайдаланған.
«Біз азаматтардан көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деген пікір аламыз. Бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді», – деді ол.
Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейнетексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыруға болады.

Серіктес жаңалықтары