Атырауда ауланған алып балықтан 35 келі уылдырық алынды

Атырауда ауланған алып балықтан 35 келі уылдырық алынды

Атырауда ауланған алып балықтан 35 келі уылдырық алынды
ашық дереккөзі
50281
Атырауда салмағы 190 келі болатын бекіре тұқымдас қорытпа балығынан 35 келі уылдырық алынды деп жазды turkystan.kz. ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, балық өсіру кәсіпорындары жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстарын жасанды түрде молайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Осы жылы балық өсіру маусымы басталғалы бері «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК жасанды өсімін молайту мақсатында бекіре балық түрлерінің 55 данасын аулаған.
«Мәселен, 2022 жылғы 21 сәуірде бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын жасанды өсіру мақсатында тірі кезінде осы жылдың 19 сәуірінде Жайық өзенінен ауланған, салмағы 190 келі аналық қорытпадан 35 келі уылдырық алынды. Ұрықтанған уылдырықтар дернәсілдік кезеңге дейін инкубаторларға орналастырылады. Содан кейін олар бассейндерде жетіліп, өсіру тоғандарына ауыстырылады. Өсірілген жас бекіре тұқымдас қорытпа шабақтары биылғы шілде-тамыз айларында табиғи ортаға жіберіледі», – делінген хабарламада.
 width= width= width= Қазір аналық қорытпаның жағдайы қанағаттанарлық. Жерсіндіру нәтижесіне қарай аналық балық шабақтарды көбейту мақсатында тоғандарда өсіріледі. Ал жасанды жағдайда ұстау мүмкін болмаса, Каспий теңізіне жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары