Бас прокуратура Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады деп жазды turkystan.kz.
«Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», – деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембай.Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тараған видеоларда кәсіпкердің «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевтің жанында жүргені көрінген болатын. 7 қаңтарда Алматыда полицейлер Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. Бас прокуратура Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың айтуынша, «Дикий Арман» тобы қаңтар оқиғасы кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған.