«Мүлдем кешірмеймін!» – Қарағандыда пациент дәрігерге қол жұмсады (ВИДЕО)

«Мүлдем кешірмеймін!» – Қарағандыда пациент дәрігерге қол жұмсады (ВИДЕО)

«Мүлдем кешірмеймін!» – Қарағандыда пациент дәрігерге қол жұмсады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50325
Қарағандыда дәрігерге қол жұмсаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп жазды turkystan.kz. Оқиға Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында болды. 1986 жылғы ер адам қолының жарақатына шағымданып, емханаға жүгінген. Травмотолог гипс салуға кеңес береді, алайда пациент көмектен бас тартқан. Емхана дәлізінде ер адам дәрігерді қуып жетіп, ерсі әрекет жасаған. Артынша, туындаған кикілжіңнен кейін дәрігерге қол жұмсаған. Емхана бейнекамерасына түсіп қалған бұл жағдай әлеуметтік желіде бірден тарап кетті.
«Аталған факт тіркеуге алынды. Сот-медициналық сараптама жүргізу ұсынымы тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дәрігер өзіне қол жұмсаған ер адамға кешірім бергісі келмейтінін әрі оның заңға сай тиісті жазасын алғанын қалайтынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары