Мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылатын болды

Мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылатын болды

Мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылатын болды
ашық дереккөзі
50232
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады деп жазды turkystan.kz.
«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының (КСО) акциялары пакетінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын», — делінген Қаулы мәтінінде.
«КСО» АҚ Қазақстандағы 400-ден астам темір жол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ын республикалық меншікке береді. «Bridge capital investments limited» жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100%-ын береді.
«КСО» АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі», – деп жазылды Қаулыда.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары