Келемежге ұшыраған кедей сыйлықтың астында қалды

Келемежге ұшыраған кедей сыйлықтың астында қалды

Келемежге ұшыраған кедей сыйлықтың астында қалды
ашық дереккөзі
391

 Осыдан бірнеше күн Твиттер әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясында жалданып жұмыс істеп жүрген бангладештік азаматты келемеждеген жазба пайда болған еді. Зергерлік дүкен сыртынан әшекейлерге қызыға қарап тұрған оны әлдекімдерге суретке түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеп жіберген. Бұнысымен қоймай, тазалықшы жайлы «бұл адам тек қоқысқа қарауға жаралған» деген пікір білдірген.

Алайда, muslim.kz-тің хабарлауынша, кедей-кепшікті мазаққа ұшыратпақ болған әлгі адамның бұл әрекеті бангладештік тазалықшы үшін тіптен басқаша нәтиже берген. 6500 адам қайта бөліскен суреттегі кейіпкерге жаны ашыған қала тұрғындары зергерлік дүкеннің мекенжайы мен тазалықшыны тауып алып, сыйлықтың астында қалдырған.

pogudx11dmr35oms1g-fe50745a

 Белгілі болғандай, тазалықшының аты-жөні Назер әл-Ислам Абдул Карим болып шықты. Тұрғындар оған өзі қызыға қарап тұрған алтын алқа мен Apple IPhone7 және Samsung Galaxy қалта телефондарын, ұшаққа билет алып берген.

Серіктес жаңалықтары