Мұғалімдер аттестаттаудан босатыла ма? – Аймағамбетов жауап берді

Мұғалімдер аттестаттаудан босатыла ма? – Аймағамбетов жауап берді

Мұғалімдер аттестаттаудан босатыла ма? – Аймағамбетов жауап берді
ашық дереккөзі
50370
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды аттестаттаудан өткізуді алып тастау туралы ұсынысқа пікір білдірді деп жазды turkystan.kz. Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке тестілеу кезінде қайтыс болған мұғалімнің оқиғасынан соң біліктілікті арттыру тестін алып тастауға қатысты сұрақ қойды.
«Аттестация рәсімін алып тастау – ең көп түсетін ұсыныстардың бірі. Оны мен жасыра алмаймын. Мұның алдында 2018 жылдан бастап аттестация енгізілді. Мен осы тестілеуді алып тастаймыз десем, бәрі бөріктерін аспанға лақтырып, қуанатыны түсінікті. Бірақ бізге мұндай арзан пиар қажет емес. Ең қажеті – білім беру сапасы», – деп жауап берді министр.
Сондай-ақ, ол қандай да бір шешім қабылдағанда ең әуелі жекелеген топтарға емес, жалпы халыққа пайдалы жағын негізге алатынын түсіндірді.
«Бізде ең басты мәселе – жақсы білім алу мәселесі. Сондықтан біз шешімдерді біреуге ұнау үшін, біреудің тілін табу үшін қабылдамаймыз. Біз елге қажетті шешім қабылдаймыз. Бұл - өте маңызды мәселе. Осыған назар аударыңыздар», – деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары