50863
Қинау және азаптау бойынша істер алқабилер сотында қаралатын болды
Қинау және азаптау бойынша істер алқабилер сотында қаралатын болды
Елімізде алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санаттарын кеңейту бойынша Қылмыстық-процестік кодекске түзетулер енгізу жоспарланып отыр деп жазды turkystan.kz.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң күшіне енгеннен кейін алқабилер сотталушы өтініш білдірген жағдайда аса ауыр қылмыстар туралы барлық істерді қарайтын болады.
Осы уақытқа дейін қазылар алқасының қатысуымен 14 құрам қаралса, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 құрам болады. Түзетулерді қабылдау нәтижесінде алқабилер сотында ауыр және аса ауыр қылмыстардың 44 құрамы қаралады.
Мысалы, 2024 жылдан бастап алқабилердің қатысуымен келесідей ауыр қылмыс түрлері қарастырылады деп жоспарланып отыр:
- жүкті әйелдерді, кәмелетке толмағандарды азаптауды қолдана отырып қинау;
- мал ұрлау;
- қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық;
- заңсыз аңшылық;
- көлік құралын мас күйінде жүргізу.