50823
Қазақстандықтарға ұшақпен ұшу жеңілдей түсті
Қазақстандықтарға ұшақпен ұшу жеңілдей түсті
Бұдан былай ел азаматтары Қазақстан аумағында цифрлық жеке куәлікті қолдану арқылы ұшақпен саяхаттай алады деп жазды turkystan.kz.
Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, 2022 жылдың 14 сәуірінен бастап жолаушылар рейстерге eGov mobile, Kaspi.kz және Homebank.kz қосымшалары арқылы тіркеле алатын болды. Олар цифрлық жеке куәлікті тіркеу аймағында және Қазақстан аумағында барлық әуежайларда ұшаққа отырғызу кезінде пайдалана алады.
Сонымен бірге, бұрынғыдай жеке куәлік пен туу туралы куәліктің түпнұсқасын да көрсетуге болады.
«Бұл - электронды құжаттарды пайдаланудағы алғашқы тәжірибе. Мұндай қадам жолаушылардың саяхаттауын ыңғайлы етеді және осы жоба дами келе әуежайлардағы барлық шара жеңілдей түседі», – деді әуе компаниясының өкілі.Еске сала кетсек, цифрлық жеке куәлікті пайдалану қызметі 2021 жылы 5 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әуежайларында іске қосылған еді.