Қосшы балабақшасында тәрбиеші 2 жасар баланы қараусыз тастап кеткен

Қосшы балабақшасында тәрбиеші 2 жасар баланы қараусыз тастап кеткен

Қосшы балабақшасында тәрбиеші 2 жасар баланы қараусыз тастап кеткен
ашық дереккөзі
50370
Елорда маңындағы Қосшы қаласының «Болашақ» жекеменшік балабақшасында топ тәрбиешісі балаларды үйіне апару кезінде 2 жастағы баланы мекемеде қалдырып кеткен деп жазды turkystan.kz. Ақмола облысы Білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Балдырған» тобының тәрбиешісі балаларды үйіне апару үшін шағын автобусқа отырғызу кезінде 2019 жылы туған сәбиді балабақшада қалдырып кеткен.
«Сағат 18.40-та тәрбиеші балаларды шағын автобусқа отырғызып жатқан. Сол кезде Мейіржан топқа қайтып оралғанын балабақшаның ішкі бейнебақылауынан көруге болады. Тәрбиеші оның жоқ екенін сағат 19.20-да ағасына баланы тапсыратын сәтте бір-ақ білген. Тәрбиеші балабақшаға қайтып оралған соң, баланы мекеменің дәлізінде ұйықтап жатқан жерінен тапқан», – делінген ресми мәлімдемеде.
Сәуірдің 12-сі күні баланың анасы Қосшының полиция бөлімшесіне аталған факті бойынша ешкімге шағымының жоқтығы туралы арыз жазған. Сәуірдің 13-і күні Білім басқармасы бұл фактіні анықтау үшін жұмыс тобын құрды. Тексеру қорытындысы бойынша, құрылтайшы мекеме басшысына қатаң сөгіс жариялап, тәрбиешіні жұмыстан қуған. Сәуірдің 13-і күні баланың анасы «Болашақ» балабақшасына шара қолдану туралы арызбен тағы да полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары