сенбі, 19 сәуір, 2025

«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» КТК телеарнасының акцияларын сатып алды

/
ашық дереккөзі
«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» КТК телеарнасының акцияларын сатып алды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды деп жазды turkystan.kz Bugin.kz-ке сілтеме жасап. Арна тілшісінің мәліметінше, «Коммерциялық телеарна» АҚ-ның 2 396 156 жай акциясын бір акция үшін 500 теңгеден «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қоры ұсынған негізгі акционер сатып алды. Мәміленің жалпы сомасы - 1 198 078 000 теңге. Коммерциялық емес ұйым төлем ретінде медиа жабдығын берді. 28 ақпанда КТК телеарнасы акционерлер жиналысында 2 622 850 дана жай акция шығару арқылы АҚ жариялаған акциялар санын 8 152 925 данаға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ал 14 наурызда акционерлер жиналысы акцияның осы санын (2 622 850 жай акция) сатуға шығару туралы шешім қабылдаған. «Коммерциялық телеарна» АҚ-ның акционерлері: – «TV Media Advertising Agency» ЖШС жалпы 321 470 дауыс арқылы акцияның 5,81 пайызына иелік етеді. – «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» АҚ жалпы 5 051 653 дауыс арқылы акцияның 91,36 пайызын иемденді. Айта кетейік, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қорының негізін қалаушы – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары