25 күннен соң мүлікті жария ету науқаны аяқталады

25 күннен соң мүлікті жария ету науқаны аяқталады

25 күннен соң мүлікті жария ету науқаны аяқталады
ашық дереккөзі
257

25 күннен соң еліміздегі мүлікті жария ету акциясының аяқталады, деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдегендей, бүгінгі күнге 4 трлн. теңге жария етілген. Оның ішінде 1,1 трлн.теңгесі мүлік, 2,9 трлн. теңгесі ақша. Жария етілген қаражаттың 14 проценті, яғни 400 млрд. теңгесі шетелдердегі банк шоттарынан түсткен.

Қаржы министрінің айтуынша, мүлікті жария ету акциясы аяқталып қалғанда, ақшасы мен мүлкін заңдастырамын деушілер саны көбейген. «Мәселен, елдегі мүлік бойынша, егер жария етудің орташа айлық құны ағымдағы жылғы 9 айда 45 млрд. теңгені құраған болса, қазан айында жария ету сомасы 56 млрд. теңге, ал қараша айында бұл сома 114 млрд. теңгеге жетті. Яғни, жылдың басынан бері 2,5 есеге өсті. Ал егер 2014-2015 жылдардағы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, 4 еседен асқаны байқалады»,-деді Б.Сұлтанов.

   

Серіктес жаңалықтары