50220
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды
12 сәуір күні Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекарасында тағы қарулы қақтығыс болды деп жазды turkystan.kz. Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі баспасөз орталығының мәліметінше, оқиға Баткен облысы Лейлек ауданы Селкан ауданында болған.
«Көршілес аумақта жүрген тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметшілерін көріп, мемлекеттік шекараның шартты сызығына қарай жылжи бастады. Қырғыз шекарашыларының шекара сызығынан өтпеу, өз аумағына қарай кету туралы талаптарын Тәжікстанның шекара жасағы елемеді. Шекарадан өтіп, Қырғызстан аумағына 20 метрге кіріп алды. Тәжік шекарашыларының аумаққа өтуіне жол бермеу мақсатында ҚР ҰҚКҰ ҚС шекара жасағы әуеге ескерту ретінде оқ жаудырды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Тәжікстан шекарашылары жауап ретінде қырғыз шекарашыларына оқ жаудырған. Бұл қақтығыстың нәтижесінде қырғыз тарапынан жараланғандар мен зардап шеккендер болмады. Кейіннен қақтығыс қайталанып, екінші болған атыстан қырғыз сарбазы жараланды. Сондай-ақ, екі тәжік әскери қызметкерінің жараланғаны хабарланды.
«Сағат 21:17 шамасында оқиға орнына келген Қырғызстан мен Тәжікстан шекара өкілдері арасындағы келіссөздер барысында Тәжікстан шекарашылары Қырғызстан ҰҚК ШҚ әскери қызметшілеріне оқ жаудырды. Қайта атыс басталды. Ол, шамамен, 30 минутқа созылды. Жараланғандар бар», – деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметі.Баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс жергілікті уақыт бойынша 22:15-те тоқтаған. Қақтығыс аймағынан Достык, Жаштық, Борбордук, Арқа және Мақсат ауылдарының тұрғындары эвакуацияланды.