50250
Петропавл ЖЭО-дағы апаттан кейін тұтынушыларға 102 млн теңге қайтарылатын болды
Петропавл ЖЭО-дағы апаттан кейін тұтынушыларға 102 млн теңге қайтарылатын болды
Сапалы жылумен қамтамасыз етілмеген петропавлдық тұтынушыларға 100 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылады деп жазды turkystan.kz. 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Петропавлдағы ЖЭО-да төтенше жағдай 20 наурызда болды. Үш мұржаның бірі опырылып түсті. Кәсіпорын қызметкері үйінді астында қаза тапты. Бетон конструкциясы қазандық цехының үстіне құлап, қалада жылу беруде үзіліс болды.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, жылу электр орталығының директоры, бас инженер және «Севказэнерго» серіктестігінің басшысы қамауға алынды.
Наурыз күндері сапасыз жылу бергені үшін монополистер қайта есептеу жүргізген. Тұтынушыларға 102 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Оның жартысынан астамы халықтың коммуналдық шығындарын өтеуге жұмсалды. Бірақ, қазір қала тұрғындарын алаңдатып отырған тағы бір мәселе бар. Жылу электр орталығындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Петропавл жаз бойы ыстық сусыз қала ма деген қауіп туындап отыр.
«Петропавлда жазда ыстық су болады. Үш қазандық режиміне көшеміз. Қала тұрғындары ыстық судан кенде қалмауы тиіс. Екінші мәселе, қайта есептеуге байланысты. Наурыз айында «Севказэнергосбыт» серіктестігінің қайта есептеу жұмысы аяқталды. Ал Петропавл тұрғындары жылу энергиясы сапасыз жеткізілгені үшін төлемнің төмендегенін жеке желі ретінде жеке графадан көретін болады», – деп мәлімдеді «Севказэнерго» АҚ бас директоры Андрей Калиничев.«Севказэнерго» мамандары сәуір айының ортасында опырылған мұржаны бөлшектеуге кірісетінін атап өтті. Бірақ ЖЭО-дағы ауқымды жөндеу жұмыстары қашан және ең бастысы қандай қаражатқа басталатыны әлі нақтыланған жоқ. Еске салайық, жылу берудегі жиі үзілістер жергілікті жылу электр орталығында үш мұржаның бірі опырылғаннан кейін туындаған болатын. Жылу қызметкерлері қазандықтарды қайта іске қосу мәселесімен айналысып жатқанда қала тұрғындары бөлме жылытқыштарын қолдануға мәжбүр болды.