Ұлыбритания Премьер-министрі Украинада болды (ВИДЕО)

Ұлыбритания Премьер-министрі Украинада болды (ВИДЕО)

Ұлыбритания Премьер-министрі Украинада болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50280
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон Киевке келді деп жазды turkystan.kz. Украина Президенті кеңсесі басшысының орынбасары Андрей Сибига Facebook-тегі парақшасында Джонсонның сапары Зеленскиймен жеке форматта өткен келіссөздерден басталғанын жазды.
«Ұлыбритания – Украинаға қорғаныс жағынан қолдау көрсетуде көшбасшы. Соғысқа қарсы коалицияда көшбасшы. Ресей агрессорына қарсы санкциялар бойынша көшбасшы» деп жазды Сибига.
Жұма күні Джонсон қаладан кетпекші болған 52 адамның өмірін қиған Краматорск вокзалының атқылауына жауап ретінде Украинаға қосымша әскери көмек ретінде 100 миллион фунт стерлинг жіберетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, қару-жарақ жеткізу танкке қарсы және зениттік-зымырандық кешендерді, сондай-ақ, камикадзе ұшқышсыз ұшақтарды қамтиды. Даунинг-стритте Британ Премьер-министрінің Зеленскиймен «Украина халқымен ынтымақтастығын көрсету үшін» жеке кездесіп жатқаны айтылды.
«Лидерлер Ұлыбританияның Украинаға ұзақ мерзімді қолдауын талқылайды, ал Премьер-министр қаржылық және әскери көмектің жаңа пакетін жариялайды», – деп қосты Джонсонның кеңсесі.
Зеленскиймен кездескен Британ Премьер-министрі:
«Украина көпшіліктің сенімсіздігіне қарамастан, Киевтен ресейлік әскерлерді кері ығыстырып, 21 ғасырдағы ең үлкен әскери ерлік жасады. Президент Зеленскийдің сенімді басшылығының және украин халқының қайтпас қаһармандығы мен батылдығының арқасында Путиннің сұмдық жоспарлары енді жойылуда», – деді.
Келіссөздерден кейін Украина Президенті Владимир Зеленский мен Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон Киевтегі Үкімет кварталынан Аспандағы жүздік батырлар аллеясына дейін жаяу жүріп өтті. Айта кетейік, бір күн бұрын Еуропа Одағының бір топ жетекшілері де Киевке барды. Делегация құрамында Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель және Словакия Премьер-министрі Эдуард Гегер болды. Сонымен қатар, олар Украина астанасынан жақын жерде орналасқан Буча қаласына барды.

Серіктес жаңалықтары