«Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылы бағытында Сарқұл ауылынан келе жатқан Лада Гранта көлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалған. 15 жастағы оқушы мен оның қасындағы жолаушы ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Ақтөбеде екі жасөспірім жол апатына ұшырады

Ақтөбеде екі жасөспірім жол апатына ұшырады
Ақтөбе облысында мектеп оқушысы ата-анасының рұқсатынсыз көлікті айдап, жол апатына ұшырады деп жазды turkystan.kz.
Оқиға 7 сәуір күні Кеңқияқ-Сарқұл тас жолының 1 шақырымында болған. Мектеп оқушысы өзінің сыныптасымен бірге әкесінің көлігіне мініп, үлкен жолға шыққан.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, балалар рөлді басқара алмай, аударылып кеткен.