«Жүрегім ауырып кетті!», «Қолы сынғырлар!», «Сұмдық қой мынау!», «Биылғы балалар жылында бұндай сұмдық жағдай астанамызда болғаны масқара!» т.б. сөздер жазылып жатыр.
Елорда балабақшасында тәрбиешілер балаларды қатыгездікпен ұрып-соққан (ВИДЕО)

Елорда балабақшасында тәрбиешілер балаларды қатыгездікпен ұрып-соққан (ВИДЕО)
Нұр-Сұлтан қаласының САТИ инклюзивті балабақшасында тәрбиешілер балаларға күш қолданып, зорлық-зомбылық көрсеткен деп жазды turkystan.kz.
Әлеуметтік желілерде балабақшадағы тәрбиешілердің балаларға жасаған аяусыз әрекеттері көрсетілген бейнежазба тарады. Бейнежазбада балабақша қызметкерлері балаларды ұрып-соғып, жерге сүйреп жүргені көрсетілген.
Бұл оқиғаға байланысты әлеуметтік желі қолданушылары көптеген пікір қалдырып, тәрбиешілердің әрекетін қатты сынға алды.