«Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі үйдің жанында болды. Құтқарушылар шақыртудан бір сағат өткен соң, 2012 жылы туған баланың денесін судан шығарып алды. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті баланың ата-анасына қайғырып көңіл айтады», – деп хабарлады департамент өкілдері.Сонымен бірге ТЖД қызметкерлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға, олардың кіммен және қай жерде жүргенін жіті бақылауда ұстауға шақырды.
Қарағандыда 9 жастағы оқушы суға батып кетті

Қарағандыда 9 жастағы оқушы суға батып кетті
Қарағанды қаласының Октябрь ауданында 9 жастағы бала су ағатын каналға батып кетті деп жазды turkystan.kz
Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі үйлердің маңында болған. Оқиға туралы ақпарат Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқару пультіне сағат 15.45-те түскен. Куәгерлердің айтуынша, балалардың бірі ойнап жүріп, ашық су каналына батып кеткен.