50228
Мәжіліс депутаты К. Авершин «сепаратист» болып шықты ма?
Мәжіліс депутаты К. Авершин «сепаратист» болып шықты ма?
Мәжіліс депутаты Константин Авершинге әлеуметтік желілерде «сепаратист» деп айып тағылып жатыр деп жазды turkystan.kz.
Таяуда ғана депутаттық жұмысына кіріскен Константин Авершиннің басы дауға қалды. Өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында ол бұл айыптардың шындыққа сәйкес келмейтінін айтып ақталды.
«Қазір кейбір қоғамдық және әлеуметтік желілерде мен туралы жалған және расталмаған ақпарат таратылуда. Мен шынымен 62156 әскери бөлімінде қызмет еттім, ол туралы ашық айтамын әрі жасырмаймын. Тәуелсіз Қазақстанға әскери ант бердім және антыма адалмын. Желіде тарап жатқан фотолар 2015 жылы Алматыдағы сел кезінде түсірілген. Ол кезде бізге көмектесуге көптеген ұйымдар мен қарапайым адамдар келген еді. Олардың арасында Ольга Аксенкина болды. Менің ол тұста саяси сауатым қазіргідей емес еді, сондықтан кімнің кім екенін байқамадым. Біз адамдарды ұлтына қарай сұрыптай бермейміз. Адамды адамгершілік қасиетіне қарай бағалаймыз және өз еліміздің патриоты екенімізді өз ісімізбен бір емес, бірнеше рет дәлелдегенбіз» деп жазды Авершин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram