Министр елорданы неліктен су басып қалғанын түсіндірді

Министр елорданы неліктен су басып қалғанын түсіндірді

Министр елорданы неліктен су басып қалғанын түсіндірді
ашық дереккөзі
50266
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысына елорданы жыл сайын неге су басатыны туралы сұрақ қойылды деп жазды turkystan.kz.
«Мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ретінде кейде нөсерлі кәріз құбырлары көп жауын-шашынға төтеп бере алмайды деген пікірлермен келісемін. Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, әкімдік нөсер кәріздерінің санын көбейту бойынша шаралар қабылдауда. Бірқатар аудандарда, жаңа ғимараттарды қоса алғанда, жауын-шашынның соншалық көп болатынын жобалаған жоқ. Бұл сәулетшілер мен құрылыс салушыларға арналған сұрақ», – деді Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин.
Министр Нұр-Сұлтан іргесіндегі айналма жолдың түбі тереңдеп, Есіл өзенінің арнасы кеңейтіліп, бөгеттер де орнатылғанын айтты. Мұның бәрі су ағынын реттеуге көмектеседі.
«Вячеслав су қоймасының апатты жағдайда жарылу қаупін ескере отырып, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанды қорғау мақсатында контррегулятордан суды Нұра өзеніне ағызуға рұқсат беретін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде», – деді Ильин.

Серіктес жаңалықтары