Нұрсұлтан Назарбаев: Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция

Нұрсұлтан Назарбаев: Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция

Нұрсұлтан Назарбаев: Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция
ашық дереккөзі
688
Қазақта «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген сөз бар. Сол ұрпақ мемлекеттің ертеңгі алтын діңгегі болуы тиіс деген Президент Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ұл мен қызды білімді де білікті, озық ойлы етіп тәрбиелеу мақсатында қолдан келген бар жақсылықты жасап келеді. Болашақты бекемдеп, келешекті кемел ету ісіндегі мақсат-міндеттер жыл санап өз шешімін табуда. Қазіргінің қамымен қоса келе­шектің жарқын болуы жолындағы Елбасы тапсырмалары әр жыл­ғы Жолдауында айтылып, «Қазақстан-2050» Стратегиясында тай­­ға таңба басқандай көрініс тапты. Ел дамуының басым бағыттарын ай­қын­­дап берген құжатта Нұрсұлтан Назарбаев: «Бала тәрбиелеу – бола­­шаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, бала­ла­рымызға жақсы білім беруге ұм­ты­луымыз керек», – деген бола­тын. Шынында да, өркениет жолына әлемдік дамудың биік беле­сіне көтерілу үшін білім мен бі­­лік­тің қашанда орны ерекше екені анық. Осындай игілікті істі жүйе­лі жүзеге асыру үшін Мемлекет бас­шысы Арқа төсіндегі Астанадан Назарбаев университетін ашты, еліміздің түкпір-түкпірінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің бой көтеруіне ұйытқы болды.  Қазақ еліндегі білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына мол мүмкіндік беруді, сонымен қатар, Еуразия кеңістігінде зерттеу және оқу ісінің мықты орталығын қалыптастыруды мақсат еткен бастама бүгінде өз жемісін бере бастады. Талантты оқушыларды топтас­ты­­рып, халықаралық талаптарға сай білім беру мақсатында Назарбаев зияткерлік мектептері еліміздің әр аймағында 2009 жылдан бастап ашыла бастады. Елбасы бұл білім ордаларының қызметіне ерекше мән беріп келеді. Өзінің «Әлеуметтік-эко­номикалық жаңғырту Қазақстан дамуы­ның басты бағыты» атты Жолдауында Н. Назарбаев олардың тәжі­рибесін бүкіл білім беру жүйе­сі­не таратып, барлық білім беру мекеме­лерін солардың деңгейіне шығару керек екенін айтқан болатын. Алғашқы физика-математика бағы­тын­дағы Назарбаев зияткерлік мектебі 2009 жылы Астана қаласында ашылған болатын. Қазіргі таңда елімізде 13 510 оқушы оқып жатқан 20 білім мекемесі жұмыс істейді. Олардың көлемі жағынан ең үлкені өткен жылы Алматы қаласының  Қалқаман-2 ықшамауданында бой көтерді. Химия-биология бағытында оқытатын бұл мектеп 960 оқушыға арналып салынған. 9 блок­тан тұратын білім ордасында соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған 70 оқу сыныбы мен 25 зертхана жұмыс істейді. Дәстүрлі оқу кабинеттері мен зертханалардан басқа, интеграция, техникалық үлгілеу, нано және биотехнологиялар, робототехника, жеке жұмыс жүргізу және психологиялық жеңілдену кабинеттері бар. Физика, химия, биология пәндерінің кеңейтілген зертханалары халықаралық заманауи талаптарға сәйкес жасалған. Ал мектеп телестудиясы оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мектептің басқа зияткерлік мектептерден тағы бір айырмашылығы – мұнда әртүрлі бағыттағы техникалық үйірмелер жүргізілетін технотория зертханалары бар. Білім ошағы жаңа компьютерлік жүйелермен, оқушыларға тиімді білім берумен қатар, мұғалімге де оқу үрдісін тиім­ді басқаруға қажетті заманауи компьютерлік техникалар, интерак­тивті электронды тақталар, жо­ғары жылдамдықты интернет, инновациялық бағдарламалардың құралдары қойылған мульти­ме­диялық кабинеттермен жабдық­талған. Назарбаев зияткерлік мектеп­те­рінде оқушылар екі бағдарлама: кірік­тірілген білім бағдарламасы және халықаралық бакалавриат бойынша оқытылады. Кіріктірілген білім бағдарламасының ерекшелігі – білім беру мақсаты оқушының белсенді танымдық іс-әрекетін анықтайды және оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу пәндері бойынша мазмұнды терең­дету және қиындата түсу арқылы оқушының бойындағы білім мен машықтарын біртіндеп күрделендіре түседі. Бұдан бөлек, оқушылардың өздеріне пәндерді таңдау еркі беріледі, яғни ЖОО-ға түсуіне дайындық үшін мақсатты түрде бағытталады. Кіріктірілген білім беру бағдар­ла­масы мен халықаралық танымал бағдарламаларының салыстырмалы талдау мазмұны жоғары деңгейді көрсетіп отыр. Мысалы, математика пәнінің бағдарламасы A-level (Ұлыбритания), O-level (Сингапур), Advanced placement (АҚШ, Канада) халықаралық бакалавриат бағдарламаларында көрсетілген барлық тақырыптарды 100  пайыз қамтиды. Кембридждің (2013) есебіне сүйенсек, химия пәні одан да терең әрі кең ауқымды қамтып отыр. A-level бағдарламалар курсының бірқатар жағдайларында оқыту бағдарламасының мақсаттары өзінің ерекшеліктерімен көзге түседі. Зияткерлік мектептердің бей­ін­ді пәндері бойынша білім беру жүйесі PISA халықаралық зерт­теу орталығымен тексерілетін оқу­шылардың білімі мен машығын терең­детуге бағытталған. Назарбаев зияткерлік мектептері үшін негізгі және жоғары мектеп аяқталған кезде (10 және 12 сыныптардан соң) Кембридждің халықаралық емтихандар кеңесімен бірлесе отырып тәуелсіз ішкі бағалау жұмысы жүргізіледі. Яғни, бұл мектептердің түлектері ҰБТ-ға қатыспайды. Себебі аталмыш білім ұясындағы пәндер ауқымы өзге мектептердегіден әлдеқайда терең оқытылады. Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде тәуелсіз ішкі бағалау халықаралық бакалавриат (ХБ) бойынша жүргізіледі. 2015 жылдың мамыр айында 12 сынып оқушылары алғаш рет ХБ емтихандарын тапсырды. ХБ дипломдарына – 37 (90,2%) түлек қол жеткізді. Сол жылы әлем бойынша ХБ диплом иегері үміткерлерінің саны небәрі 79 болатын. Аталмыш мектеп түлектері Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Италия, Сингапур, Австрия, Германия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Швейцария, Қытай мемлекеттерінің ең мықты ЖОО-ларына оқуға түсті. Отандық жоғары білімнің дамуы туралы сөз болғанда, қазақстандық университеттердің көш басында тұрған Назарбаев университеті ең әуелі ойға оралады.  Ғылымды, білім мен ұлттық экономиканы дамытуға жетік, халықаралық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыруды мақсат еткен білім ордасы 2010 жылы білімгерлерге өз есігін айқара ашқан болатын. Содан бергі алты жыл ішінде Назарбаев университеті  қазақстандық білімнің флагманына айналды десек, артық айтқанымыз емес. Бүгінде жоғарғы оқу орнындағы студенттердің жалпы саны 3300 адамға дейін өсті. Жыл сайын 700-ден астам талапты жас білім беру гаранттарына ие болады. Назарбаев университетінің 2015 жылғы алғашқы түлектерінің та­быс­ты жетістіктері білім сапасының, маман­дықтарға сұраныстың, оқу процесінің тиім­ділігінің және жоғары кәсіби білім­нің айғағы болып табылады. Оқу ордасынан түлеп ұшқан алғашқы 522 студенттің жартысынан көбі (52%) өз мамандықтары бойынша ой­да­ғыдай табысты жұмысқа орна­ласты. Түлектердің 40 пайызы оқуларын жалғастыруды құп көріп, бүгінде әлемнің озық жоғары оқу орындарында, сондай-ақ Назарбаев университетінде академиялық бағдарламалар бойынша білім алуда. Оның ішінде 198 студент магистратура бағдарламасында (174 адам) және докторантура бағдарламасында (24 адам) оқиды. Жұмысқа орналасқан түлектердің 90 пайызы өздері таңдап алған қызмет саласында жинақтаған білімі мен тәжірибесін қолдануда. Білім беру саласында 106 адам (39%), ұлттық және жеке компанияларда   44 адам (16%) жұмыс істейді. 36 түлек (13%) PWC, Ernst & Young, McKinsey, KPMG, Deloitte сияқты аудиторлық және консалтингтік қызмет көрсететін әлемнің ірі компанияларына жұмысқа шақырылып, еңбек етуде. Университет түлектерінің білім алу географиясы өте ауқымды. Түлектердің көпшілігі Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция сияқты Еуропа елдеріндегі оқуды таңдап алды, ал басқа бөлігі АҚШ, Азия және Тынық мұхит континентіндегі елдердің жоғары оқу орындарында білім алуда. Бұл ретте түлектердің көпшілігі магистр және PhD дәрежесін алу үшін Қазақстанның отандық жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруды құп көрді. Сонымен қатар, оқу ордасының бірқатар озат түлектерінің үздік үлгерімі мен жоғары академиялық жетіс­тіктері Массачусетс технология­лар институты, Берклидегі Кали­фор­ния университеті және Стэн­форд университеті сияқты әлем­нің бірінші бестігіне кіретін шетел­дік жоғары оқу орындарына қабыл­данған студенттердің алғашқы қата­рына кіруге мүмкіндік бергенін мақтанышпен айтуға тиіспіз. Ал 2015-2016 оқу жылында Назарбаев университетінен 622 студент түлеп ұшты, оның ішін­де 444 түлек бакалавриат бағдар­ла­масы бойынша және 178 түлек магистратура бағдарламасы бойынша оқу бітірді. Оларға дипломдарын өз қолымен табыстаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз заман­ның қиындықтарына қарамай, эконо­миканың қиындықтарына қара­май сендердің алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүрулерің үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясы, Ұлт жоспары, Нұрлы жол бағдарламасы, Жаңа экономикалық саясат  еліміздің өсіп-өркендеген 30 мемлекеттің қатарына кіруі үшін жасалып отыр. Бұл сендердің нағыз кемелденген кездеріңде болатын жағдай. Осыны бірге құруларың керек. Сендер де еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай қызмет етулерің, барша жастарға үлгі болуларың қажет», – деп білімді жастарға үлкен жауапкершілік жүктеді. Елдің, Елбасының сенімін арқалаған жастар Қазақстанды кемел келешекке бастайды деп сенеміз.

Серіктес жаңалықтары