16 жастағы алматылық студент World of Tanks ойынында көлік ұтты

16 жастағы алматылық студент World of Tanks ойынында көлік ұтты

16 жастағы алматылық студент World of Tanks ойынында көлік ұтты
ашық дереккөзі
238
Алматыда World of Tanks бойынша Орталық Азия Лигасы финалы өз мәресіне жетті. Жеңімпаз командалар ірі көлемдегі ақшалай сыйлыққа ие болды.   Бірінші орынды Қазақстан командасы ZERO'ONE.RUN алды, оған 5 млн теңге беріледі. Екінші орындағы команда - PUSH (Қазақстан) - 2 млн теңге, үшіншіде - Asian Empire (Қазақстан) ұтысы 1 млн теңге,  4 орында Cheaters (Қырғызстан) командасы - 350 тыс теңге иеленді. Автомобильді (жеке есебінде айқаста 2750 ұпай жинаған) Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы колледжінің студенті Халит Мырзажанов иеленді. Ол желтоқсанда ғана 16 жасқа толады. World of Tanks бойынша қазіргі әлем чемпионы Na' Vi командасының менеждері  Дмитрий Репиннің айтуынша, Орталық Азия ойыншыларының команда ішінде бір-бірімен қарым-қатынастары өте жақсы деп отыр. «Олар ойынға қызу беріліп кеткен, алайда қажет кезінде салқынқандылық таныта алады. Сондықтан олардың ойынын тамашалау қызықты. Осы ойыншылардың болашағы зор екеніне сенімдімін. Соңында біздің команда мен осы бүгінгі біріншіліктің жеңімпаз командасы арасында шоу-матч өткізіледі», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары