Ұлттық музейде өткен фотокөрме

Ұлттық музейде өткен фотокөрме

Ұлттық музейде өткен фотокөрме
ашық дереккөзі
309

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстанда басталған қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға бағытталған жалпыұлттық «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесінің ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фотокөрме тарихи феноменді – корей, ұйғыр, неміс, өзбек театрларының өзінің этникалық отанынан тыс жерде мемлекеттік деңгейде жұмыс жасайтын жалпыұлттық бірліктің және алуан түрлі мәдениеттің қазақстандық моделін ашып көрсетуге бағытталды.

Аталмыш фотокөрмеде ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Сатубалдин Абай Кәрімұлы: «Бүгінгі «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырылып отырған бұл фотокөрме Қазақстан халқының қаншалықты бірлікте өмір сүріп жатқанының айқын айғағы деп ойлаймын. Елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлт өкілдері бірлік пен татулықты ту ете өмір сүріп жатқанын тек сөз жүзінде ғана айтып қоймай, осындай фотокөрмелер арқылы да халық санасына сіңіру – үлкен жұмыс», – деп атап өтті.

Фототуындылар ұлттық мәдениеттердің ашық бояуларына қанық, бірінде кезекті ұлттық мерекенің сауық-сайраны, енді бірінде ұлттық мерекеміз Наурыздағы шадыман шаттық, үшіншісінде – ел өміріндегі жауапты сәт – сайлау және т.б. бейнеленген.

Серіктес жаңалықтары