Сенаторлар әскери бөлімдерді аралады
Сенаторлар әскери бөлімдерді аралады
Кеше еліміздің Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерін аралады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс сапары барысында сенаторлар Қарағанды гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдерін аралап, әскери гарнизонның жауынгерлік даярлығы, инфрақұрылымы барысымен танысты.
Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде депутаттар жауынгерлік кезекшілікте тұрған авиациялық техниканы қарап шығып, МиГ-31 тренажерлық кешенінің мүмкіншіліктерімен танысты. Парламент мүшелеріне қару-жарақ, әскери техника мен мүліктің заманауи үлгілері, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы көрсетілді.