Ауыл тұрғынының айтуынша, ауласында бой көтерген мешітті толық аяқтауға 20 күн кеткен. Ал оның «құрылысына» 3 тоннаға жуық қар жұмсалған. Шебер жігіт қардан жасалған мешітке жарық тартуды да ұмытпапты. Сондай-ақ ғимаратқа көрік беріп тұрған 20 бағанасын да қардан соққан. Видеодан мешіттің сары, көк және қызыл түске боялғанын көруге болады. Желі қолданушыларының бұл еңбекке тәнті болғаны айтпаса да түсінікті.Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ауыл тұрғыны қардан 3 метрлік мешіт тұрғызды (ВИДЕО)

Ауыл тұрғыны қардан 3 метрлік мешіт тұрғызды (ВИДЕО)
Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев қардан мешіттің көшірмесін жасады, деп жазды turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Нәдір Қуанаев Instagram-дағы парақшасына қардан тұрғызылған мешіт көшірмесінің суреті мен видеосын жариялады. Бұл Орал қаласыдағы Еуразия даңғылында орналасқан мешіттің толық көшірмесі екен.