Қызылордада донердің ішінен марихуана табылды

/
Қызылордада донердің ішінен марихуана табылды
ашық дереккөзі
Қызылордада донердің ішінен марихуана табылды Есірткі ҚАЖД-ға қарасты ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жазасын өтеушіге келген сәлемдеме ішінен шыққан, деп жазды turkystan.kz. Cотталушыға келген заттарды тексеру барысында 3 донердің арасынан есірткі табылды. Арнайы сот сараптамасы табылған заттың кептірілген марихуана екенін дәлелдеді.
«Табылған 31,18 граммдық заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-тармағы бойынша іс қозғалды», – деді мекеме бастығының орынбасары Дархан Берікбай.
Сөйтіп, түрмеге есірткіні әкелген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Егер тергеу барысында сотталушының бұл іске қатысы бар екені анықталса, ол да жауапқа тартылады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары