Бас көтеремін деп, құлағынан айырыла жаздады

Бас көтеремін деп, құлағынан айырыла жаздады

Бас көтеремін деп, құлағынан айырыла жаздады
ашық дереккөзі
50226
Оқиға Өзбекстандағы Ташкент облысының Аханғаран ауданында болған, деп хабарлады turkystan.kz.
«15 қаңтар сағат 20:00 шамасында Эйвалек махалласында бұрын сотталған 31 жастағы әйел қоғамдағы мінез-құлық ережелерін қасақана бұзып, көпқабатты үйдің жанында 34 жастағы жергілікті тұрғынмен жанжалдасқан», - деді Өзбекстан ІІМ Тергеу департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Жанжалға басқа әйелдер де араласып кеткен.
«31 жастағы әйел белсенді түрде қарсылық көрсетіп, 34 жастағы әйелдің құлағын тістеп алған»,  деп жазылған ресми хабарламада.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша зардап шегуші жеңіл дене жарақатын алған. Жоғарыда аталған факті бойынша тәртіп сақшылары Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 277-бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары