Сиыр жылы Túrkistan апталығы үшін берекелі болды

Сиыр жылы Túrkistan апталығы үшін берекелі болды

Сиыр жылы Túrkistan апталығы үшін берекелі болды
ашық дереккөзі
313

2021 жыл Túrkistan газеті үшін же­місі мол, жеңісі көп жыл бол­ды. Жаңа жылға жоспардан бұрын өтер жыл­дың есебін бір түгендеп, тындырған ісі­мізге есеп беріп, жеткен жетістігімізге бір шолу жасап өтуді жөн көріп отырмыз.

Аманатқа адалдық Газет тігінділерінде бүтін бір за­ман, дәуір кел­беті сақтала­ды. Сол еңбектерді жабулы қазан жабулы күйінде қалдырмай, араға уа­қыт салып қайта жариялау – маңыз­ды мәселе. Оған қоса, мақа­ла­ларды сұрыптап, жинақ түрінде шығару – әлемдік тәжірибеде бар игі үрдіс. 28 қаңтар – халықаралық Túrkistan саяси апта­лығының жа­рық­қа шыққан күні. Осыған орай елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ба­­­сылым бетінде жарық көрген материалдардың жи­­нағы таныстырылды. Кітапқа енген материал­дар 1994 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта газет бетіне шыққан мақалалар мен сұхбат­тар­дан ірік­телген. Жинақтың таныс­тыры­лы­мы­на елімізге белгілі қо­ғам қайреткерлері, баспасөз сала­сы­ның өкілдері қатысты. Одан соң Түркістан қаласын­да­ғы Қожа Ахмет Ясауи атын­дағы Халықаралық қа­зақ-түрік университетінде тағы бір рет жинақ­тың та­ныстырылымы өт­ті. Расында, ел­дік бірлікке, ұлт­тық тұтастыққа үн­дей­тін сүбелі мақала, сұхбаттар топ­тас­тырыл­ған бұл жинақ ел Тәуел­сізді­гі­нің шежіресі іспетті. Газетке жарияланған әрбір мақала – бола­шақ­қа қалдырылған асыл сөз, аманат. Соларды сақтап, зулаған заманға, зымыраған уақытқа жұ­тылдырмай қайта жаң­ғыртуды аманатқа адалдық деп ұғындық. Жылдың үздік басылымы Баспа, радио, интернет-журналистика са­ла­сындағы URKER-2021 Ұлттық бәйгесі биыл бесінші рет өткізілді. Бәйгенің «Жылдың үздік газеті» номинациясында TÚRKISTAN халықаралық саяси апталығы жеңімпаз атанды. Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктер үшін беріледі. Басылым соны соқпағы мен айқын бағдарынан танбай, заман талабына бейімделіп, конвергентті редакцияға айналып отыр. Бастамашыл, белсенді ұжым – қоғамдық бастамалар көтеріп, түрлі іс-шараның ұйым­­­дастырушысы болып жүр. Газет тілшілері көтерген мәселелер ескерусіз қалмай, түрлі деңгейде шешімін тауып жүр. Со­ның бір мысалы – газетімізде тұрақты түрде жүр­гізіліп, елдегі ғана емес, алыс-жақын шетелде өмір кешіп жатқан ат төбеліндей қандастары­мыз­дың мәселесін көтеріп келе жатқан Atajurt жобасы. Жоба «Nur Otan» партиясы, Дүниежүзі қазақ­тары­ның қауымдастығы, «Отандастар қорының» қол­дауы­мен жүзеге асырылып келеді. Газет қызмет­кер­лері еліміздің барлық өнірінде іссапарда бо­лып, қандастардың тұрмыс-тіршілігі жайлы жаз­ды, бейнесюжеттер әзірледі. Газеттің пәрмен­ділі­гімен қандастарға қатысты біраз күрмеулі мәселе оң шешім тапты. «Әлем азаматы» жобасы аясында қазір әлем бойынша әйгілі компанияларда қызмет атқарып жүрген танымал, білімді әрі білікті қазақтар жайлы жазылып келеді. Жоба қолға алынған уақыттан бері қазақ атын шетелде жақсы жағынан танытып жүрген 100-ге жуық қандасымызбен сұх­бат жарық көрді. Аталған жоба бойынша үздік сұхбаттар негізінде кітап әзірлену үстінде. Әр сұхбаттың сайттағы қаралымы 100 мыңға жетеді, материалдарды басқа да басылымдар мен интер­нет редакциялар да өздеріне жариялап, бөлісіп жатады. Креатив команда газет шығару ісінің за­ма­науи үлгісін игеріп, жаңа медиа техноло­гия­сын, әлеуметтік желіде SMM мүмкіндіктерін басылым бренді мен өнімін насихаттауға барынша оңтайлы пайдаланады. Газет материалдары­ның видеонұсқасы да қо­са әзірленіп, әлеуметтік же­ліге, сайтқа жүктеледі. Тіл­шілер газетке ғана емес, сайт үшін де ақпараттар, са­рап­тама, сұхбаттар әзір­лей­ді. Сайт жұмысында да бір жыл ішінде ілгерілеу бай­қал­ды. 2021 жылғы 1 қаң­тар мен 2021 жылғы 1 жел­тоқсан аралығында сайт­қа 1 миллионнан астам адам кір­ген, тәуліктік қаралым 50 мың­нан асқан. Мерейлі мезеттер Жылыстап бара жат­қан жыл газет жур­на­­лис­тері үшін де табысты, мерей­лі ме­зеттерге толы жыл болды. Басылымның қыз­мет­кер­лері Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бе­кітуі­­мен Қазақстан халқы Ассам­блея­сының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен ма­ра­патталды. Бұл марапат ел бірлігін ны­ғайту, бейбітшілік пен ке­лісімді сақтау және рухани мә­де­ниет­ті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы ая­сында «Тәуелсіз елдің тілі» тақырыбын­да ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» кон­­курсының бас жүлдесін газет тілшісі Әлия Тілеужанқызы иленді. Биыл 16-рет ұйымдас­тыры­лып отырған байқауға төрт номинация бойын­ша 131 журналистен 300-ге жуық материал түс­кен. Әлия Тілеужанқызы – «Болашақ» бағдарла­масымен Ұлыбританияда оқып келген та­лантты журналист, бір жылдан астам уақыт бойы шетелдегі ең озық, әйгілі компанияларда әр салада қызмет етіп жүрген таңдаулы, білімді де білік­ті қандастардан, одан бөлек қазақ халқының мә­дениетіне, тіліне қызығатын шетелдік ғалым­дардан үздіксіз сұхбат алып келеді. Газетіміздің 2021 жылғы 18 ақпандағы санында (№07) «Қазақ-кәріс сөздігін құрастыруға көмектесетін маман іздеймін» деген тақырыппен Хангук шет тілдер университетінің түлегі әрі қазіргі қызметкері Цой Ён Сонның (қазақша есімі – Нұрай) сұхбаты жарияланған болатын. Онда Оңтүстік Кореяда жүрегін емдеткен қазақ баласының орыстілді аударма-шыны түсінбей, қиналғанын естіген Ён Сон қазақ тілін жетік мең­геріп, аудармашы болуға бел буғанын, сонымен қатар қазақ-кәріс сөздігін құрастыруға көмек­те­сетін маман іздеп жүргенін айтқан еді. Міне, Әлия­ның осы сұхбатын оқыған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрайға арнайы хат жол­даған еді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында газеттің осы санға дейінгі бас редакторы Қуат Әуесбай «Ерен еңбегі үшін» медалімен мара­патталды. Газет тілшісі Әлия Тілеужанқызы Мем­лекет басшысының Жарлығымен «Шапағат» меда­лімен марапатталды. Басылымды 2019 жылғы қаңтардан бастап басқарған Қуат Әуесбай ғылымға бет бұрып, жұмыс ауыстырды, басшылық оған жүйелі жұмысы үшін алғыс білдіріп, шығарып салды. Қуат Әуесбай басшы болған кезеңде газет сайтының оқырмандар қатары артып, тәулігіне 30 мыңнан астам қаралымға жетіп, жаңа медиаға ерекше мән берілді. Басылым бұрынғы бедерін сақтай отырып, заманауи стильде қайта түрленді, оқырманның ықыласына бөленді. Басылымның жинағы жарық көрді. Газеттің бас редакторлығына белгілі журналист Бауыржан Бабажанұлы тағайындалды. Тындырымды іс, тынымсыз еңбектің жемісін осылай қорытындыладық. Жан сарайын ашарлық жасампаз, өміршең дүние ұсынуға тырыстық. Бағасын беретін – алдияр оқырман.

Серіктес жаңалықтары