50251
30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстанның батысында, шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, боран соғып, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі», - деп жазады «Қазгидромет» РМК.Атырау облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғады, батысында, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында тұман, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Түркістан облысының батысында, тау бөктерінде тұман түседі, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыс орталығында жел 18 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.