Бүгін депутат Бекболат Тілеуханның өз еркімен отставкаға кету туралы өтініші қабылданған Мәжілістегі жиыннан кейін БАҚ өкілдері оған түрлі сұрақтарын жаудырды, деп хабарлады turkystan.kz Әңгіме кезінде экс-депутатқа журналист Айнұр Коскинаның сұрақтары ұнамай қалған сыңайлы. Бірнеше сөз таластан соң экс-депутат журналисті итеріп, жеке затын сындырған көрінеді.
«2021 жылдың 29 желтоқсанында «102» арнасына журналист Айнұр Қоскинадан сағат 10:15-те Парламент ғимаратында экс-депутат Бекболат Тілеуханның кәсіби қызметіне кедергі келтіріп, штативті қасақана бүлдіргені жайлы және денсаулығына жеңіл зиян келтіргені туралы шағымы келіп түсті», - деп растады Нұр-Сұлтан қаласының ПД.
Бұл арыз Есіл аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс тексерілуде.