50222
Кабулда ереуілшілерге оқ атылды
Кабулда ереуілшілерге оқ атылды
Тәліптер 28 желтоқсанда Кабулда ереуілге шыққан әйелдерге оқ жаудырды, деп жазды turkystan.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға итальяндық аурухана аймағында болған. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
TOLOnews телеарнасы бұған дейін Ауғанстан астанасында бір топ әйелдер ұйымдастырған наразылық акциясы өтіп жатқаны жайлы хабарлаған. Белсенділер өз құқықтарын сақтауды, тұрмыс жағдайын жақсартуды талап еткен.
Олар «Біз – аш адамдардың үніміз. Әйелдер оянды, біз кемсітуді жек көреміз» деп ұрандатты.Айта кетейік, тәліптер әйелдерге жалғыз жүруге тыйым салған.