50281
Сомали президенті Премьер-министрін қызметінен босатты
Сомали президенті Премьер-министрін қызметінен босатты

Бұл туралы дүйсенбіде мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
Сомали президенті Мохамед Абдуллахи Фармаджу Премьер-министр Мохамед Хусейн Робле мен Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Абас Амин Әлиді жемқорлық жасады және мемлекеттік мүлікті өз мақсатына пайдаланды деген айыппен қызметінен босатты.
«Тергеу барысында Премьер-министрдің міндеттері мен өкілеттігі тоқтатылды», - деп жазылған хабарламада.