«Ынтымақ» орталық алаңында «Clover media group» ЖШС орнатып жатқан «Әткеншек» нысанын бұзған бұзақылардың әрекеті қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырған.
- Сөзім жоқ. Алаңда барлық бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұрғаны анық, бұзақы адамдарды анықтау қиын емес еді. Бірақ қандай да бір себептермен полицейлер қозғалмайды, - деді жергілікті тұрғын Ғалия «Лада» басылымына білдірген пікірінде.
Қалалық әкімдік аталған шағын архитектуралық нысанның жұмысы әлі қабылданбағанын хабарлады.

- Қалпына келтіру жұмыстарын мердігер компания жүргізетін болады, - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Айта кетейік, «Әткеншек» шағын сәулет нысанының құны - 2 553 441 теңге.