12 миллион теңге жымқырған мектеп директоры 7 жылға сотталды (ВИДЕО)

12 миллион теңге жымқырған мектеп директоры 7 жылға сотталды (ВИДЕО)

12 миллион теңге жымқырған мектеп директоры 7 жылға сотталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50354
ШҚО-да мамандандырылған мектеп-интернатының бұрынғы директоры жеті жылға сотталды, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Оған мемлекет қазынасынан 12 миллион теңге жымқырды деген айып тағылды. Айыпты азамат сот шешімімен келіскен жоқ. Ал мемлекеттік айыптаушы судьядан 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда, судья істің мән-жайын және сотталушы азаматтың кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескере келе, шешімді сәл жеңілдетті.
– Сотталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, алғаш рет қылмыс жасағанын ескере отырып,  7 жылға  бас бостандығынан айыру шешімін шығарды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет лауазымын өмір бойы атқаруға да шектеу қойды. Бұл қосымша жаза ретінде қарастырылды, - дейді қалалық №2 соттың судьясы Алмат Исахан.

Серіктес жаңалықтары