Дәулет Тұрлыханов федерация басқаратын болды

Дәулет Тұрлыханов федерация басқаратын болды

Дәулет Тұрлыханов федерация басқаратын болды
ашық дереккөзі
50512
Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа басшысы болып Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов сайланды, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, биыл қазанның басында ҚРКФ кезектен тыс онлайн конференциясында грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа басшысы болып бұған дейін еркін күрес бойынша вице-президент қызметін атқарған Ерлан Қожасбай сайланған болатын. Ол қызметінен кеткен Сауат Мыңбаевтың орнына келген еді. Мәдениет және спорт министрі Ақтота Райымқұлова мен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың атына ашық хат жазған аймақтық федерация басшылары сайлау нәтижесімен келіспеді. Облыстық ұйым басшылары сайлау кезінде болған өрескел заңбұзушылықтарға тоқталып, қайта сайлау өткізуді сұрады.

Серіктес жаңалықтары