Парижде Абай бюсті ашылды

Парижде Абай бюсті ашылды

Парижде Абай бюсті ашылды
ашық дереккөзі
Париж қаласында қазақтың бас ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды, деп хабарлады turkystan.kz. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңында орнатылған. Абай Құнанбаевтың мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылып отыр. Ұйымдастырушысы – ҚР Франциядағы Елшілігі. Бұл жайында алғаш болып, Парижге қызметтік сапармен барған елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, бюст демеушілердің қолдауымен қойылған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Париж қаласының мэрі Анн Идальгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 30-дан астам француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен маңызды жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, сол сияқты қосымша жұмыс орындарын құру болып саналады. Бірлескен жобалар санын кеңейтетін боламыз. Сонымен бірге елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салу туралы келісімге келдік. Сондай-ақ, музейлер ұжымын келесі жылы көрмелерімен шақырдық, олар елордамыздың мәдени саласын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз» деп жазылған әкімнің жазбасында.