«Мектепте бомба бар»: Ашық сабаққа дайын болмаған мұғалім жалған хабар берген

«Мектепте бомба бар»: Ашық сабаққа дайын болмаған мұғалім жалған хабар берген
Жамбыл облысында ашық сабаққа дайын болмаған мұғалім полицияға «мектепте бомба бар» деп жалған хабар берген.
КТК телеарнасының хабарлауынша, мектеп басшылығы оқу процесін тоқтатуға мәжбүр болған, 300 адам қауіпсіз жерге шығарылады. Ал жалған хабар берген ұстаз балаларды эвакуациялауға көмектесіп жүрген.